Алматы облысында мақсатына сай пайдаланылмаған 3 млн гектардан астам жер анықталды

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысы прокуратурасы 2022 жылы 310,5 мың гектар нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жайылымдық алқаптарды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жалпы 2019-2021 жылдар кезеңінде және биылғы жылдың басынан бастап барлығы 3,25 млн гектар пайдаланылмайтын жайылымдар анықталды.

Облыс прокуратурасы қадағалау актілерін қарау нәтижелері бойынша 2019-2021 жылдары және биылғы жылдың өткен кезеңінде барлығы 360,7 мың гектар жайылым қайтарылса, 1,13 млн гектар жайылым ауылшаруашылық айналымға қайта енгізілді (яғни иелері оларды қолдана бастады).

Осылайша, жүргізілген жұмыс нәтижесінде пайдаланылмай жатқан жайылымдардың алаңы 3,25  млн. гектардан 1,75 млн. гектарға дейін төмендетілді. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда. 

Облыс прокуратурасымен жергілікті атқарушы органдарына 48 қадағалау актілері енгізіліп, 49 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, заңсыз берілген көлемі 15,9 мың гектар жайылым мемлекет меншігіне қайтарылды.

Мемлекет басшысының халықтың жайылымдылық қажеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында, жергілікті атқарушы органдарымен жалпы облыс бойынша жеке аулалардағы малды жаю үшін алаңы 1,18 млн гектар жайылымдар бекітілсе, оның ішінде 76% (892,5 мың  га) прокурорлық қадағалау актілері бойынша.

Жеке аулаларда ұсталатын малдың санын ескере отырып, халықтын мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін тағы 1,7 млн гектар жайылымдық алқаптарды бекіту қажет, осы мақсатта прокуратура органдарының бастамасы бойынша жекелеген әкімдіктер мемлекет мұқтажы үшін жайылымдарды алу рәсімдерін бастады, делінген облыстық прокуратура хабарламасында.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты