2024 жылғы 1 қаңтардан бастап «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексіне мұнайды, газ конденсатын, шикі және тауарлық газды өндіру, өңдеу және тасымалдау кезінде есепке алу аспаптарынан деректерді беру режимін өзгерту бойынша енгізілген түзетулер кейіннен деректерді Мұнайды, газ конденсатын, шикі газ және оны қайта өңдеу өнімдері (тауарлық газ) есепке алудың ақпараттық жүйесіне (МЕАЖ) беру үшін тәулік сайын режимінен нақты уақыт режиміне күшіне енетінін жеткіземіз. ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгінгі күні МЕАЖ тәуліктік негізде мұнайды дайындау, өңдеу және тасымалдау кезеңдерінде есепке алу аспаптарынан деректер жинауды автоматтандырады.
Осыған байланысты 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін нақты уақыт режимінде есепке алу аспаптарынан деректерді беруді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу қажет.
МЕАЖ-ға қосылуды ұйымдастыру бойынша техникалық құжаттама isun.kz сайтында орналастырылған.