«Қурап, тез солуда». Ұлыбритания ыстықтың кесірінен плантациялардан айырылып жатыр

Фермерлер қазірдің өзінде көкөністер мен жемістердің бір бөлігінен айырылып қалғандарын айтып, дабыл қағуда. Олардың пікірінше, аптап ыстық бұдан ары қарай да сақталатын болса, онда бұл салада шығын еселене түспек, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian мәліметінше, Лондондағы New Covent Garden Market ірі көтерме сауда базарына өнім жеткізетін Nature ' s Choice компаниясы бұршақ, бұршақ жармасы, асжапырақ және салат плантациялары жұмысын тоқтатқанын атап өтті. Өйткені ыстыққа шыдамаған бұл ауылшаруашылығы өнімдері тез қурап, егістік басында-ақ солып қалып жатыр. Фермерлер "енді қызылша мен жүгері ыстық ауа райына төтеп бере алады ма екен" деп алаңдаулы.

Сондай-ақ елде жидектер түсімі де күрт төмендеген, ал жинап алынатын жемістер мөлшері бұрынғыдан аз болады, өйткені олар тез пісіп кетіп жатыр. Сонымен қатар, сарапшылардың пікірінше, аптап ыстық алма мен алмұрттың дәміне де әсер етеді.

Тамыз айына келетін болсақ, егер болашақта аптап ыстықтың беті қайтпаса, онда алма мен алмұртқа да алаңдауға тура келеді. Біз еккенімізді, әрине жинап үлгереміз, бірақ ол бұрынғыдан әлдеқайда аз болады. Көлемі де кішкентай, дәмі қышқыл болуы мүмкін, өйткені қант жемістің өсу процесінің соңғы кезеңінде пайда болады, деп түсіндіреді Nature ' s Choice компания маманы Вернон Маскареньяс.
Ұлыбритания
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: