Энергетика министрлігі басшылығындағылардың аты-жөні аталатын жарнама – фейк

Сурет: pexels
Қазіргі уақытта әлеуметтік желіде Еуропаға мұнай мен газ экспортынан жоғары табыс алуға болатынына сендіретін газ саласындағы белгілі бір қаржылық платформалар туралы жарнама тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вирус жарнаманы орналастыру кезінде ҚР Энергетика министрлігі басшылығындағы адамдардың аты-жөні аталады.

ҚР Энергетика министрлігі тарап жатқан вирус жарнаманың жалған екенін мәлімдеп, оның шындыққа жанаспайтынын хабарлады.  

Қазақстандықтардан қырағы болуды және тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз. ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

 

ҚР Энергетика министрлігінің қызметі туралы ақпарат ведомствоның ресми сайтында, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігінің Telegram, Facebook, Instagram сынды әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ғана орналастырылады.

 

Сондай-ақ ҚР Қаржы мониторингі агенттігі тұрақты негізде қазақстандықтарды жалған қаржылық компаниялардан жалған ақпарат таратудың жиілеп кеткенін ескертеді, онда азаматтарды сендіру үшін танымал компаниялар мен банктердің логотиптерін, жаңалықтар порталдарын пайдаланады, сондай-ақ қатысушы ретінде танымал тұлғаларды атайды. ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды