ОПЕК+ шеңберіндегі ҚР квотасы қарашада тәулігіне 1,628 млн баррельді құрайды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
2022 жылғы 5 қазанда ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Вена қаласында (Австрия) ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отырыс барысында тамыз айында елдердің келісім бойынша міндеттемелерін орындауы талқыланды.

Келісімді 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.

Қатысушы елдер мұнай өндіруді осы жылдың қараша айынан бастап 2022 жылдың тамыз айының деңгейінен   тәулігіне 2 млн баррельге қысқартуға келісті.

Сондай-ақ ОПЕК+ елдерінің 19-шы кеңесінде мақұлданған базалық деңгей бекітілді.

Мониторинг комитетінің отырысын әр екі ай сайын, министрлік кездесулерді әр 6 ай сайын өткізу туралы шешім қабылданды. Артық өндірісті өтеу мерзімі 2023 жылдың 31 наурызына дейін ұзартылды.

Қазақстан үшін қарашаға арналған міндеттемелер тәулігіне 1,628 млн баррельді құрайды.

Елдер Келісім шеңберінде елдердің міндеттемелерді сақтауының маңыздылығы туралы тағы да келісті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды