Жаңа жылдық демалыс күндері елімізде әуе рейстерінің санын арттыру жоспарланып отыр

Сурет: Zakon.kz
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Тәуелсіздік сарайы дәлізінде берген сұқбатында жаңа жылдық демалыс кезінде билет тапшылығы орын алу ықтималдығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

БАҚ өкілдері алда жаңа жылдық демалыс күндері басталатынын және ірі қаладағы адамдар өңірдегі туған-туыстарына қонаққа бару үшін жаппай тарқайтынын еске салды. Осыған байланысты журналистер министрге: "Билеттер жеткілікті ме және инфрақұрылымдар дайын ба" деген сұрақ қойды.

Алайда министр сұраққа сұрақпен жауап берді.

"Олар демалыс болатынын жақсы біледі емес пе, жыл сайын солай?.. Неліктен олар алдын ала қамданып, билет алып қоймайды? Қысқы демалыс болатынын бәрі жақсы біледі емес пе, қыркүйек айында да солай, билет таппай жүреді барлығы. Осы жағы маған қызық, неге екені?". ҚР ИИДМ басшысы

Сондай-ақ ол жағдайды қалай шешуге болатынын да айта кетті.

"Біз, әрине, рейстер санын арттыратын боламыз, бірақ кез келген жағдайда қазақстандықтарға алдын ала қамданған жөн". Қайырбек Өскенбаев

Қазан айында Қазақстан мен Өзбекстан арасында әуе рейстерінің саны артатыны белгілі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты