Қазақстанда жастарға жеңілдікпен шағын несие берудің қағидасы бекітілді

Сурет: Zakon.kz
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде жастарға жеңілдікпен шағын несие (микрокредит) берудің қағидасын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қағидаларда кәсіпкерлік қызметті бастағысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастар үшін конкурстық негізде шағын несие беру көзделген.

Шағын несиелер "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы берілетін болады. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5%-дан аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы 5 млн теңгеге дейін және ол үшін кепілдің болуы міндетті.

Шағын несиелерді кез келген мақсат үшін 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығына 7 жылға дейінгі мерзімге алуға болады.

Сондай-ақ негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі көзделген, ол шағын несиелеу мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды.

Қазіргі уақытта Еңбекмині:

- жергілікті атқарушы органдармен кредиттік шарттар жасасу;

- "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ-мен жергілікті атқарушы органдардың тапсырма шартын жасасу;

- бизнес-жобаларды қарау бойынша өңірлік комиссиялар құру бойынша жұмыс жүргізуде.

Шағын несие алуға өтінімдерді қабылдау уақыты және өтініш беретін кеңселердің мекенжайлары туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды