Қазақстандықтар теңгелік депозиттері бойынша өтемақы алады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры 2023 жылдың 16 наурызында теңгелік салымдар бойынша өтемақы (сыйлықақы) есептеуге арналған қаражат екінші деңгейдегі банктерге келіп түскенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Өтемақы төлеу рәсімінің аяқталып келе жатқандығын қуана хабарлаймыз. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 15 наурызда банктерден салымшылардың ақтық тізілімін алып, оларды операторға жолдады. Жақын күндері банктер төлемдерді толық көлемде аяқтайды", - деді ҚДКБҚ Төрағасының орынбасары Алмас Құдайбергенов.

«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ пен «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ ақшаларды банктерге аударды. Аударылған қаражаттардың жалпы сомасы 306,6 млрд теңге болды. Ал мемлекет тарапынан 10-пайыздық сыйлықақыны алатын салымшылар саны 2 млн 615 мың 772 адамды құрады.

Қағидаларға сәйкес, екінші деңгейдегі банктер екі жұмыс күні ішінде (соңғы күнін қоса алғанда 2023-тің 20 наурызына дейін) тиесілі сыйлықақыны өтініш берген депозиторлардың шоттарына аударады.

Теңгелік депозиттер бойынша 10%-дық сыйлықақы Қаржы министрлігі мен Қазақстанның Ұлттық Банкінің қаражаттары есебінен төленеді.

Банктер сыйлықақы төлеуге өтініштерді бес ай бойы – 2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың ақпанына дейін қабылдады. Өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 10 ақпанында аяқталды.

Сыйлықақыны есептеу бойынша толыққанды ақпарат алу үшін салымшылар депозиттері ашылған банктерге жүгінулері тиіс.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Синоптиктер Алматыда ыстықтың беті қашан қайтатынын айтты. Бір аптаға арналған ауа райы болжамы

Алматы мен Шымкентте аптап ыстық болады, Астанада нөсер жауады: тамыздың алғашқы күндеріне болжам

Зейнетақы аннуитеті арқылы БЖЗҚ-дағы ақшаны шығарып алуға болады ма - сарапшы

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады