Бензиннің жасанды тапшылығын болдырмау үшін өңірдегі мұнай базалары тексеріледі

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан өңірлеріндегі штабтарға жанар-жағармайдың жасанды тапшылығын тудырмау мақсатында мұнай базаларына комиссиялық тексеру жүргізу тапсырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 6 сәуірде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен жанар-жағармай (ЖЖМ) нарығындағы ахуал бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Жалпы еліміз бойынша дизель отынының жиынтық қоры 308,56 мың тоннаны құрайды, бұл 2023 жылғы 1 қаңтардағы қормен салыстырғанда 59 мың тоннаға артық.

Сонымен қатар кейбір өңірлерде жекелеген жанармай құю станцияларында дизель отынын сатуда шектеулер байқалады.

Осыған байланысты ЖЖМ ішкі нарығын қамтамасыз ету үшін:

- Өңірлік штабтарға (ЖАО, БҚДД, МКД, ЭТД, ТМРД) жанар-жағармайдың жасанды тапшылығын тудырмау мақсатында өңірлік мұнай базаларын комиссиялық тексеру жөнінде шаралар қабылдау;

- Бұзушылық фактілері болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы немесе доминантты әрекеттері бойынша тергеу жүргізу тапсырылды.

ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;

БҚДД – бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменттері;

МКД – мемлекеттік кірістер департаменттері;

ЭТД – экономикалық тергеу департаменттері;

ТМРД – табиғи монополияларды реттеу департаменттері.

Алдында Энергетика министрі жанар-жағармай бағасын өсіруге түрткі тағы бір себепті атаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

"Түнде қар, күндіз жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді

"Күн суытып, үсік жүреді". Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды