Жаңаөзеннің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті 5 млрд теңгеге көбейеді

Сурет: Zakon.kz
Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 27/206 "2023 - 2025 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті туралы шешіміне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, облыстық бюджеттен трансферттер түсуінің арқасында қалалық бюджет 4 954 806 мың теңгеге артады.

Жалпы қала бюджеті 17 138 606 мың теңге болады. Бұған дейін ол 11 638 218 мың теңге сомасында бекітілген еді.

Құжат 19 сәуірге дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

10 сәуірден бастап Астанада мұнай саласының сервистік компаниясы қызметкерлерінің тобы "ҚазМұнайГаз"АҚ ғимаратының алдында рұқсат етілмеген митинг өткізді.

Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақов Астанада ұсталғандарды босатуды талап етіп алаңға жиналған тұрғындарға әлеуметтік желі арқылы үндеу жолдады

Кейін "Берәлі" компаниясының наразылық білдірген мұнайшылары Жаңаөзенге, үйіне қайтарылды.

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев 12 сәуірде мәжіліс кулуарларында Жаңаөзеннен келген бес мұнайшы Астанада ереуіл ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Ақтөбеде соққан дүлей дауыл ағаштарды құлатып, көліктерді аударды

Дәрі бағасын бақылау күшейеді: министрлік жаңа тізім әзірледі