"АрселорМиттал Теміртауға" 1,2 млрд теңге айыппұл салынды

Сурет: gov.kz
"АрселорМиттал Теміртауға" қатысты кезекті бұзушылықтар анықталды. Бұл жөнінде Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ірі салық төлеушілерге қатысты жүргізіліп жатқан салықтық әкімшілендіру шеңберінде "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамында 2019 жылға корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын төмендеткендігі анықталды.

"Камералдық мониторинг жүргізу кезінде нақты есептелген корпоративтік табыс салығының мәлімделген аванстық төлемдер сомасынан 20%-дан асып кетуі анықталды. Осыған байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 278-бабының 3-бөлігі бойынша 1,2 млрд.теңгеден астам айыппұл сомасына әкімшілік материал толтырылды".Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі

Осы жылдың наурыз айында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ апелляциялық шағымын қарау барысында Қарағанды облыстық соты Департаменттің дәлелдерін қолдады және әкімшілік айыппұл күшінде қалды.

2022 жылдың қараша айында Департамент қызметкерлері 2017 жыл үшін осындай бұзушылықты анықтаған болатын, бюджетке 1,3 млрд теңге көлемінде айыппұл толық көлемде өндірілді.

2017 және 2019 жылдары анықталған бұзушылықтар бойынша айыппұлдың жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеден асты.


Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Көз тиген баланы қалай емдейді?

Танымал актер Шәріп Серік бес тәулікке қамауға алынды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстанда жасанды интеллект ұлттық орталығы ашылатын болды

Қарағанды ​​облысында құс фабрикасын алапат өрт шарпыды