Тоқаев "Қазақстан – Қытай" мұнай құбырының тасымал мүмкіндігін арттыру жоспарланғанын айтты

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші "Орталық Азия – Қытай" саммитінде Қазақстан мен Қытай арасында энергетика саласындағы, оның ішінде, мұнай-газ секторындағы қарым-қатынасты дамытуға мол мүмкіндік бар екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мұнай экспортын көбейтуге мүдделіміз" деген ҚР Президенті сол үшін "Қазақстан – Қытай" мұнай құбырының тасымал мүмкіндігін арттыруды жоспарланғанын атап өтті.

Сондай-ақ ол күн тәртібінде қолданыстағы "Атырау – Кеңқияқ", "Кеңқияқ – Құмкөл" мұнай құбырларының өткізу мүмкіндігін арттыру мәселесі тұрғанын атап өтті.

"Қазір мұнай өнімдерін тұтыну көлемі ұдайы өсіп келеді. Сондықтан Шымкент мұнай өңдеу зауытынан шығатын өнім көлемін жылына 6-дан 12 миллион тоннаға дейін көбейтуді көздеп отырмыз. Газ өңдеу қуатын арттыру және газ тасымалдау жүйесін жетілдіру Қазақстан үшін басым бағыт саналады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар ол "Бейнеу – Бозой – Шымкент" магистральді газ құбырының екінші тармағын салу өте маңызды екенін айтты.

"Қашаған кенішінде жылына 4 миллиард текше метр газ өңдейтін зауыт құрылысына да баса мән береміз. Қытайлық достарымыз аймақтағы осы маңызды жобаларға қолдау көрсетуді жалғастырады деп сенеміз", – деп түйіндеді сөзін Қазақстан Президенті.

19 мамыр күні өткен саммитте Тоқаев Орталық Азия мен Қытайдың өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығын дамыту жоспарын әзірлеуді ұсынды.

Қытай
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды