Алмасадам Сәтқалиев Өзбекстан мен "Газпром" арасындағы газдың көлемі мен бағасына қатысты келіссөздер әлі де жүргізіліп жатқанын атап өтті. Қазақстандық тарап транзитті қамтамасыз етуге ниетті екенін білдіріп қойған.
"Осы келіссөздер аяқталғаннан кейін біз инфрақұрылымымызды ұсынуға дайынбыз. Сонымен қатар, біз келесі жылдың күз-қыс айларында бұл инфрақұрылым сақадай-сай дайын болады деп айта аламыз. Аталған бағыттағы транзитке және транзиттен түсетін қаражатқа, жалпы Орталық Азия өңірін энергиямен қамсыздандыру тұрақтылығын арттыруға мүдделіміз". Алмасадам Сәтқалиев
16 мамырда Үкімет дәлізінде берген сұқбатында Алмасадам Сәтқалиев ресейлік газды Қазақстан арқылы Өзбекстанға тасымалдау мүмкіндігі бойынша келіссөздер оң сипатта жүріп жатқанын айтқан болатын.
Бірақ Энергетика министрі "Ресей, Өзбекстан және Қазақстан арасында үшжақты газ одағы құрыла ма" деген сұрақты жауапсыз қалдырды, бірақ қазіргі уақытта Ресей газының Қазақстан арқылы Өзбекстанға транзиттеу мәселесі талқыланып жатқанын жеткізді.