Президент Клаудио Дескальцимен еліміздегі мұнай-газ жобаларын іске асыру жайын талқылады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Eni S.p.A компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальциді қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметіне қатысты мәселелер, сондай-ақ Қашаған және Қарашығанақ кен орындарындағы маңызды мұнай-газ жобаларын іске асыру жоспары қарастырылды, делінген Ақорда хабарламасында.

Мемлекет басшысына еліміздің мұнай-газ саласын одан әрі дамыту жөніндегі консорциум жұмысының негізгі бағыттары туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, Қарашығанақта қуаты 4 миллиард текше метр болатын газ өңдеу зауытын салу перспективалары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Eni S.p.A компаниясы Қазақстанның энергетика саласындағы стратегиялық серіктестерінің бірі екеніне тоқталып, оның еліміздің ірі кен орындарын игеруге үлес қосқанын атап өтті.

Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында гибридті электр станциясын салу жобасына қатысты "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен Eni S.p.A компаниясы арасындағы қағидалар туралы келісімге қол қойылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

30 қазандағы доллар, еуро және рубль бағамы: үш қаладағы айырбас курсы

"Күндіз жылы, түнде суық болады". Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

Конституциялық сот тұрғын үй төлемдерін қайта алуға тыйым салуды заңды деп таныды

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 31 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда шетелге жұмысқа жіберу тәртібіне қатысты жаңа талаптар әзірленіп жатыр