Мемлекет басшысы: Кәсіпкерлер "шағымданушы" немесе "қолдауға мұқтаж" рөлінде көрінбеуі тиіс

Сурет: akorda.kz
Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық бизнес өкілдерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы аталған кездесуде мемлекеттік аппарат әрбір бизнесменге заң бұзушы ретінде қарамауы керектігін қадап айтты.

"Мұндай ұстаным, түптеп келгенде, басқарудың репрессивті сипатына алып келеді. Мемлекет кәсіпкерлерге көмектесуге міндетті. Тағы да ерекше атап өткім келеді. Көмектесуі керек". Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ Президент кәсіпкерлер "шағымданушы" немесе "қолдауға мұқтаж" рөлінде көрінбей, мемлекеттік аппараттың теңқұқылы серіктесіне айналуға тиіс екенін баса атап өтті.

"Жеке капиталды қорғау деңгейінің осалдығы, мемлекеттің экономикаға шамадан тыс араласуы, бағаның нарыққа қайшы жолмен белгіленуі және шамадан тыс реттеу тетіктері – бизнесті толғандыратын мәселелер мұнымен бітпейді. Кәсіпкерлердің соттарға, құқық қорғау және салық органдарына, жергілікті билікке қатысты шағымдары азаймай тұр. Бұл ретте бизнес тарапынан да салықтан жалтару, капиталды жылыстату, мемлекеттік қолдауға ие болған кезде алаяқтық жасау фактілері жиі ұшырасады. Еңбек ұжымдарының құқығын таптау жағдайлары да кең таралған. Осының салдарынан екі тарап әрдайым бір-біріне сезіктене қарап, кінә артуға дайын тұрады". Қасым-Жомарт Тоқаев

Айта кетсек, Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде мемлекет пен бизнес қарым-қатынасы мүлде жаңа үлгіге көшуге тиіс екенін айтқаны туралы алдында хабарланған болатын.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды