Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев: Мемлекет пен бизнес қарым-қатынасы мүлде жаңа үлгіге көшуге тиіс

Қасым-Жомарт Тоқаев, отандық бизнесмендер, кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2023 18:07 Сурет: akorda.kz
Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық бизнес өкілдерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Осындай алқалы жиын өткізу жақсы дәстүрге айналды. Себебі, бизнес саласы – ұлттық экономиканың негізгі тірегінің бірі. Мемлекет кәсіпкерлікті дамытуға баса мән беріп отыр. Біз қазір Әділетті Қазақстанның жаңа экономикалық моделін қалыптастыруға кірістік. Бұл – баршамызға ортақ жұмыс, ең алдымен, еліміздің келешегі үшін өте маңызды қадам. Осы жұмысқа кәсіпкерлеріміз белсене атсалысуы қажет. Сондықтан, біз бүгін бизнес саласында қордаланған мәселелерді талқылаймыз", деп Ақорда баспасөз қызметі алқалы жиындағы Президент сөзін келтіреді.

Сондай-ақ кездесу барысында Президент алдағы міндеттерді айқындап алуы қажеттігін баса атап өтті. 

"Баршаңызға мәлім, мен Жолдауда елімізді одан әрі дамытуға арналған тың тәсілдерді ұсындым. Біз экономиканың өсімін кемінде 6-7 пайызға жеткізуіміз керек. Ол үшін бизнестің жеке бастамаларына барынша қолдау көрсету қажет. Осы бағытта біраз шаруа атқарылды. Дегенмен, кәсіпкерліктің даму қарқыны әлі де болса бәсең, өз әлеуетіне сай емес деуге болады. Бір сөзбен айтқанда, бізге шын мәнінде сапалы серпіліс қажет. Ең алдымен, мемлекет пен бизнестің қарым-қатынасы мүлде жаңа үлгіге көшуге тиіс". Қасым-Жомарт Тоқаев.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: