Қасым-Жомарт Тоқаев: "Атамекен" ұлттық палатасы трансформациялауды талап етеді

Сурет: atameken.kz
2023 жылы 12 қыркүйекте Ақордада өткен отандық бизнес өкілдерімен кездесуі барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының негізгі міндетін атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сөз соңында президент "Атамекен"ҰКП қызметінің мәселелеріне тоқталды.

"Қорыта келе, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметіне қатысты мәселелерге арнайы тоқталғым келеді. Оның негізгі міндеті – бизнес пен мемлекет арасындағы тиімді диалогтың негізгі өзегі болу". Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы палатаны трансформациялау, оны корпоративтік басқару сапасын айтарлықтай арттыру қажет екенін жеткізді. Президенттің айтуынша, палата кәсіпкерлердің ортақ пікірін толық жеткізіп, әлеуметтік-экономикалық реформаларды ілгерілететін ұйым болуы тиіс. 

Айта кетсек, алдында Президент орта кәсіпкерліктің дамуын жеделдету керектігін, бұл бағытта шұғыл шешуді қажет ететін проблемалар қордаланып қалғанын айтқан болатын

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті