Қазақстанда автокөлік саны бес миллионнан асты

Сурет: Zakon.kz
1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік саны 5 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, шілдеде елімізде 169,3 мың автокөлік тіркелген. Бұл 2022 жылдың шілдесімен салыстырғанда 1,8 есе көп, деп хабарлайды Zakon.kz.

1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 5 миллион 15 200 көлік тіркелген. Оның 87,9%-ы жеңіл, 10%-ы жүк көлігі, 2,1%-ы автобустар.

Бір жылда республикадағы автомобильдердің жалпы саны 15% өсті. Қазақстанда ең көбі қозғалтқыш көлемі 1500-2000 см³ (45,1%) жеңіл автомобильдер болса, ең азы қозғалтқыш көлемі 4000 см³ (1,9%) жоғары автомобильдер.

"Қозғалтқыш көлемі 1500-ден 2000 см³-ге дейінгі жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында: 223 мың бірлік. Соымен қатар Алматыда 200,7 мың, Астанада 153,7 мың, Қарағанды ​​облысында 151 мың және Шығыс Қазақстан облысында 137,4 мың автомобиль бар", - делінген статистика мәліметтерінде.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз