Қазақстан көмір экспортын шектеуі мүмкін

Сурет: Zakon.kz
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев 2023 жылғы 19 қыркүйекте үкіметте өткен брифингте Қазақстан көмір экспортын шектеу мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер өткен жылы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көмірді автомобиль көлігімен экспорттауға тыйым салғанын еске салды. Осы орайда БАҚ өкілдері "Биыл да дәл осындай тетіктер қолданыла ма?" деген сауал қойды.

"Иә, жоспарлап отырмыз, қазір біз елден автокөлікпен көмір шығаруды шектедік, қазір көмірді экспорттауды шектеу шараларын әзірлеп жатырмыз", – деді Қанат Шарлапаев.

Ол Өнеркәсіп министрлігі мен жалпы үкіметтің іс-әрекеттерінің мәні Қазақстанның тұтынушыларын қорғау екенін атап өтті.

"Арзандатылған бағамен сатылатын әлеуметтік көмір бар, өкінішке қарай, бізде әлеуметтік көмірді елден экспорттаған жағдайлар болды: арзанға сатып алынып, экспорт бағасымен сатылған.  Қазақстан халқын мүмкіндігінше коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге, үй шаруашылықтарына арналған көмірмен қамтамасыз ету үшін көмір экспортын шектеу шараларын енгізуге мәжбүрміз", – деп түсіндірді Қанат Шарлапаев.

2023 жылғы 28 тамызда ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов алдағы жылыту маусымында көмір бағасы көтерілетінін хабарлаған-ды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды