Мұхтар Тінікеев "АрселорМиттал Теміртау" инвесторының ауысу ықтималдығына қатысты түсініктеме берді

Сурет: gov.kz
Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Мұхтар Тінікеев Еңбек күніне арналған форум аясында "АрселорМиттал Теміртау" шахталарының инвесторы ауысуы, оның орнын ресейлік "Северсталь" компаниясы басуы мүмкіндігіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұхтар Тінікеев бір ай бұрын "Қазақстан" шахтасының кеншілерімен кездескенін жеткізді.

"Ресейлік "Северсталь" компаниясы келеді деген сыбыс шыққанда, шынымды айтайын, кеншілер қазір ешкімге сенбейді, олар айына екі рет жалақы, үстемеақы алуға дағдыланған, бірақ бұл инвестордың кезінде қалай болады, ол жағы белгісіз, оның үстіне бұл компания шахталармен ешқашан жұмыс істеп көрмеген", - деді ол.

Ол кеншілер бұл жайтқа алаңдаулы екенін, жаңа инвестор келгенде өз жұмыс орындарын сақталып қалатындығына қатысты қоятын сұрақтары бар екенін де айтады. 


"Кеншілерді алаңдататын бірнеше мәселе бар. Мысалы, осы сегіз шахта сақталып қалады ма? Кенеттен олар тек екі шахтаны қалдырып, қалғанын қысқартып жібермейді ме?". Біз бәрін біліп отырмыз, олар санкцияда, мұндай жағдайда металды өздерінде балқытып, бірақ оны нарыққа қазақстандық деп ұсынады ма? Кеншілер ортасында осындай сұрақтар туындауда", - деді Мұхтар Тінікеев.


18 қыркүйекте Қарағанды облысының әкімдігі АМТ-ның ресейлік "Северстальға" өту ықтималдылығы туралы қауесетке түсініктеме берді. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты