Алматыда коммунальдық қызметтердің бірінің тарифі тағы да өседі, бірақ жеңілдік санаттары қарастырылған
Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды қоқысқа шығару тарифіне түзету енгізіледі, бұл ретте азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына жеңілдіктер берілмек, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылдың 10 маусымында Алматы қаласы мәслихатының сессиясында халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифін түзету туралы шешім жобасы қаралды.
"Өзгеріс 2026 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енген қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесінің 12%-дан 16%-ға дейін ұлғаюына байланысты енгізілуде. Тарифтің қалған құрамдас бөліктері өзгеріссіз қалады. Сонымен қатар әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Ұлы Отан соғысының ардагерлері төлемнен толық босатылады. Ал азаматтардың бірқатар санаттары үшін 50% және 25% мөлшеріндегі жеңілдік сақталады", делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматыда қалдықтарды шығаруды бақылаудың бірыңғай жүйесі енгізіліп жатқаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript