Алматыда 1 сәуірден бастап қоқыс шығару тарифі қымбаттайды
Әзірге қоқыс шығару тарифі 553,04 теңгені құрайды. Бұл сомаға контейнерлік алаңдардан қалдықтарды жинау және оны қоқыс сұрыптау кәсіпорындарына тасымалдау, қалдықтарды сұрыптау, пайдалысын одан әрі өңдеу үшін алу, көмуге жатпайтын қоқысты тасымалдау, қалдықтарды қабылдау және көму бойынша қызметтер кіреді.
Құжатта 2017-2023 жылдар кезеңінде дизель отынының орташа құны 3 есеге ұлғайып, қосалқы бөлшектерге шығатын шығындар өскені атап көрсетілген. Ал бұл кезеңде ҚТҚ-ны әкетуге арналған тарифтер қайта қарастырылмаған.
ҚТҚ жинақтаудың жаңа нормаларын әзірлеуге байланысты қоқыс тасымалы бойынша тарифтерді біріздендіру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Алматы қаласының мәслихаты қала бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифін жаңадан бекіту туралы шешім қабылдады. Жаңа тариф 165,46-ға ұлғайтылды және айына бір тұрғынға 718,5 теңгені құрайды.
Оқи отырыңыз