Атырау мұнай өңдеу зауыты отын өндірісін уақытша тоқтатты

Сурет: anpz.kz
2023 жылдың 1 қазанында Атырау мұнай өңдеу зауытында алдын ала жоспарланған тексеру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зауыттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдын ала жоспарланған тексеру жұмыстарын жүргізу – жабдықтардың тұрақты жұмыс жағдайын сақтап, өндірістің тиімділігін арттыруға арналған жыл сайын іске асырылатын шара.

Алайда баспасөз қызметі кәсіпорын қараша айының алғашқы онкүндігінде тұрақты жұмыс режиміне шығады деп жоспарланып отырғанын жеткізді. Жоспарланған жұмыстың жалпы еңбек сыйымдылығы 1 млн адам/сағ асады.

"Алдын ала жоспарланған тексеру жұмыстарын жүргізуге 1 600 жұмысшы мен 116 арнайы техника жұмылдырылмақ. Жоспарланған жұмыстың жалпы еңбек сыйымдылығы 1 млн адам/сағ асады. Технологиялық қондырғылар тоқтатылған кезде реакторлық жабдықтардағы катализаторлар ауыстырылады".

Аталған шаралар бірінші кезекте экономиканың әлеуметтік маңызы бар секторларының қажеттіліктерін қамтамасыз ету, оның ішінде күзгі дала жұмыстары кезінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қажетті дизель отынын жөнелтіп, сондай-ақ ішкі нарықтағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған. 

Алдын ала жоспарланған тексеру жұмыстарының басында зауыт резервуарларында жинақталған мұнай өнімдерінің қоры:

Қазан айында қосымша 16 мың тонна автобензин, 28 мың тонна дизель отынын өндіру жоспарда бар. 


Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды