"ArcelorMittal үзілістерді барынша азайту үшін бұл келісім-шартты мүмкіндігінше тезірек аяқтауға міндеттеледі. Екі тарап те болат құю зауытында, темір рудасында және көмір шахталарында жұмыс істейтін адамдардың және операцияларды қолдайтын қауымдастықтар мүддесіне сай келетін нәтижеге қатты көңіл бөледі. Қажет болған жағдайда қосымша мәлімдемелер жасалады", – деп мәлімдеді компания.
2023 жылғы 28 қазан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке "АрселорМитталТеміртаумен" инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.
Шахтадағы кезекті апаттан соң "АрселорМиттал Теміртаудың" меншік құқығы Қазақстанға берілетіні мәлім болды. ҚР Үкіметі "АрселорМиттал Теміртау" АҚ акционерлерімен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілгенін және кәсіпорынның меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталуға жақын екенін мәлімдеді.
Қазақстан үкіметі "АрселорМитал Теміртау" АҚ басқа шетелдік инвесторларға берілетіні жайындағы ақпаратты жоққа шығарды.