Жалғыз нұсқа емес: энергетика министрі Путиннің Қазақстанда АЭС салу жөнінде айтқан сөзіне пікір білдірді

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 8 қарашада Мәжіліс кулуарында Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанда атом электр стансасын салу туралы ойына пікір білдірді. Оның айтуынша, Қазақстан шағын модульдік реакторлар орнату технологияларын зерттеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 8 қарашада Ресей президенті Владимир Путин егер Қазақстан атом электр станциясын салу жөнінде шешім қабылдаса, онда "Росатом" мемлекеттік корпорациясы ең жоғары экологиялық талаптар мен қауіпсіздік стандарттарын сақтай отырып, ең озық технологияларды пайдаланып, тиісті жобаны әзірлеуге дайын екенін айтты.

Журналистер энергетика министрі Алмасадам Сатқалиевтен "Путиннің бұл сөз "Росатом" Қазақстанда атом электр станциясын салады дегенді білдіре ме?" деп сұрады.

"Росатом" компаниясы вендорлардың бірі болып саналады. Бұл компаниядан бөлек француздардың EDF компаниясы, Оңтүстік Корея, Қытай компаниялары, сондай-ақ Американың General Electric және NuScale деген екі компаниясы өтінім берді, біз шағын модульдік реакторларды орнату технологияларын зерттеп жатырмыз. Бұрын айтқанымдай, шешім референдум өткеннен кейін қабылданады. Референдумға қатысты мәселелер "Ұлттық референдум туралы" заңға сәйкес тұжырымдалады. Бұл жұмысты сіздерге хабарлаймыз", – деп сендірді энергетика министрі.

Қазір, министрдің айтуынша, референдумның күн тәртібі әлі бекітілмеген. Бірақ үкіметке елде атом электр станцияларын салу мәселесіне қатысты Қазақстан халқының ұстанымын ұғыну маңызды.

Қазақстан Путин Владимир
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: