Тоқаев 2024-2026 жылдарға арналған еліміздің республикалық бюджетін бекітті

Республикалық бюжет, 2024-2026 жылдарға арналған, жаңа заң Сурет: pixabay
Мемлекет басшысы "2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заң еліміздің 2028 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленді.

Республикалық бюджеттің басым бөлігі мемлекеттік және әлеуметтік міндеттемелерді толық іске асыруға, өңірлерді дамытуға бағытталған.

Индекстелген зейнетақы мен жәрдемақы төлемдеріне 5,4 трлн теңге қарастырылған.

Отбасыларды қолдау үшін бала күтімі мерзімі 1,5 жылға дейін ұзартылды. Бұл мақсаттарға келесі жылға 93,3 млрд теңге жоспарланған.

Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, оның ішінде "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын іске асыруға, 2,4 трлн теңге бағытталады. Білім беру саласын дамытуға, оның ішінде "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыруға, 1,7 трлн теңге жұмсалады.

Өңірлерді дамытуға республикалық бюджеттен 7 трлн теңгеден артық қаражат қарастырылғанын мәлімдеді. Бұл – жалпы бюджет шығыстарының шамамен 30%.

Экономиканың нақты секторын дамытуға 2,9 трлн теңге бағытталады. Оның ішінде кәсіпкерлікті қолдауға 1,2 трлн теңге бөлінеді. Күш құрылымдарының 2024 жылға арналған шығыстары 2,6 трлн теңгені құрайды.

Айта кетсек, мұның алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024 – 2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Гарвард 2,2 миллиард долларлық гранттардан айырылды

Қазақстанда алғашқы үш жолақты реверсивті жол пайда болады

Бүгін Міржақып Дулатұлының туған күні

Бурабайда балық аулауға рұқсат етілді - Ұлттық парк маңызды мәлімдеме жасады

Найзағай, жаңбыр, қар, үсік: қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды