ОПЕК + келісімі: Қазақстан мұнай бойынша асыра орындалған көлемдерді біртіндеп өтейді

Сурет: gov.kz
Қазақстан ОПЕК + келісіміне бейілділігін растайды және ОПЕК+ қатысушы елдермен бірлесіп қабылданатын шешімдерді қолдайды. 2024 жылы 24 сәуірде ҚH Энергетика министрлігі осындай ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бірлескен министрлік мониторинг комитетінің (JMMC) 53-ші отырысы шешімінің қорытындысы бойынша Қазақстан өтемақының егжей-тегжейлі жоспарын дайындады, оған сәйкес 2024 жыл ішінде 1-тоқсанда асыра орындалған көлемдерді біртіндеп өтейді. Қазақстан өз міндеттемелерін сақтау және белгіленген өтемақы жоспарына сәйкес артық өндірісті өтеу үшін бар күшін салады", делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ Қазақстан әр елдің міндеттемелерін орындаудың және мұнай нарығын тұрақтандыру мақсатында ынтымақтастықты қолдаудың маңыздылығын жақсы түсінетіні нақтыланады.  

Айта кетсек, бұған дейін Қазақстан өзінің ағымдағы ерікті міндеттемелерін 2024 жылдың маусым айының соңына дейін ұзартқан болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады