Газ компаниясы тұтынушыларға 1,2 млрд теңгені қайтару туралы өздеріне қойылған талапқа наразы

Сурет: Zakon.kz
Қазақстандағы ең ірі газбен жабдықтаушы компания - "ҚазТрансГаз Аймақ" Табиғи монополияларды реттеу комитетінің тұтынушыларға негізсіз есептелген 1,2 млрд теңгені қайтару туралы ұйғарымына қарсы сотқа шағымдануға ниетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс жүзінде, тұрғындарды газға қосу қызметі үшін заңсыз ақша өндіру фактілері орын алмаған.

"Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 2-тармағына сәйкес қосылуды тек газ тарату ұйымы, яғни "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ орындауы тиіс және ол қосылу ақысы қосылатын абоненттер есебінен жүзеге асырылады", делінген хабарламада.

Компания өздеріне тұрғындар тарапынан ойып қосу және газды іске қосу мәселесі бойынша шағымдар мен өтініштер түспегеніне баса назар аудартады. Оның үстіне әлеуметтік бағдары бар компания ретінде "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ 2022 жылдан бастап пломбалау бойынша қызметтерді тегін көрсетеді.

Компания Табиғи монополияларды реттеу комитетінің, сондай-ақ оның жергілікті бөлімшелерінің газбен жабдықтауға қосылу қызметтері үшін ақша алуға тыйым салуға қатысты ұйғарымдары бойынша қарама-қайшы сот тәжірибесі бар екенін айтады:

"Жоғарғы Соттың "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ пайдасына 3 қаулысы, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ға қарсы 2 қаулысы бар".

Сөз соңында компания табиғи монополиялардың  басқа субъектілері (электр, жылу, сумен жабдықтау) де тұтынушыларды қосу үшін ақы алатынын атап көрсетеді. 

Бұған дейін ҚР Экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ға Қазақстан азаматтарына 1,2 млрд теңгені қайтаруды бұйырған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты