Түркістанда "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ филиалы тұтынушыларға заңсыз алынған 126 млн теңгені қайтарды

Сурет: Zakon.kz
"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-тың Түркістан филиалы тұтынушыларға заңсыз алынған 126 млн теңгені қайтарды. Бұл заңсыздық ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаменті жүргізген жоспардан тыс тексеру кезінде анықталған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Тексеру барысында "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-тың Түркістан өндірістік филиалы 2021 жылдың 6 қыркүйегі мен 2022 жылдың 3 наурызы аралығында тұтынушылардан бастапқы газды қосуға және пломбалауға 125 642 196 теңге сомасын заңсыз алғаны анықталды. Осыған байланысты, департамент көрсетілген соманы тұтынушыларға қайтару негізінде тиісті ұйғарым шығарды және сот органдарында дұрыстығын дәлелдеді", делінген құзырлы ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта департаменттің 2022 жылғы 20 сәуірдегі нұсқамасына сәйкес, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-тың Түркістан өндірістік филиалы тұтынушылардың дербес шоттарына 125 642 169 теңге сомасында толық көлемде қайтарылғаны да нақтыланады.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Леопард пальтосы сәнге қайта оралды

Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатындағы кафе мен мейрамханалар сот шешімімен жабылуы мүмкін

Кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей – Президент

Шымкенттік спортшы Софья Берульцева "Парасат" орденімен марапатталды