"Қазавиақұтқару" авиакомпаниясының бас директоры жаңадан тағайындалды

Сурет: "Қазавиақұтқару" АҚ баспасөз қызметі
Алпамыс Камалов "Қазавиақұтқару" АҚ авиакомпаниясының бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратпен 2024 жылы 10 қыркүйекте "Қазавиақұтқару" АҚ баспасөз қызметі бөлісті.

"Алпамыс Камалов "Қазавиақұтқару" АҚ авиакомпаниясының бас директоры болып тағайындалды", делінген хабарламада.

Алпамыс Камалов 1981 жылы 31 қазанда Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, Азаматтық авиация академиясын "Әуе көлігін пайдалану" мамандығы бойынша,  Орал қаласындағы Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша, Саратов қаласындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының "Мемлекеттік және жергілікті басқару" бойынша магистратураны бітірген. Ұлыбританияның Рудлоу қаласында "Ағылшын тілі және АТС фразеология" мамандығы бойынша біліктілігін арттырудан өтті, "Әдеттен тыс төтенше жағдайлардағы диспетчерлердің іс-әрекеттері" сертификатына ие, Чех Республикасы.

Еңбек жолын Азаматтық авиация академиясын бітіргеннен кейін Атырау қаласының "Қазаэронавигация" РМК филиалында инженер-диспетчер лауазымында бастады. Авиация саласында 10 жылдан астам жұмыс істеді. Әр жылдары әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2024 жылдың наурызынан қыркүйекке дейін "Қазавиақұтқару" АҚ бас директорының инфрақұрылым және даму жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады