Ливандағы пейджерлер жарылысы әлем экономикасына қалай әсер етті

Фото: pixabay
Лондондағы ICE биржасының мәліметтері бойынша, Brent маркалы мұнай бағасы Ливандағы пейджер жарылыстарының әсерінен қымбаттады. Жарылыстардан кейін Астана уақыты бойынша сағат 22.30-да мұнай бағасы күрт шарықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биржаның мәліметінше, Астана уақытымен сағат 22.00-ге дейін Brent маркалы мұнай барреліне 72,5 доллар көлемінде саудаланған. Диаграммадан көріп отырғаныңыздай, жарты сағаттан кейін оның құны 74,3 долларға дейін көтерілді. Соңғы бірнеше айда Brent мұнайы, керісінше, Таяу Шығыстағы оқиғаларға байланысты төмендеген болатын.

Мұхиттың арғы жағында да жағдай осындай. Нью-Йорк тауар биржасында Texas Sweet маркалы мұнай келісімшарттары кеше барреліне 71,26 долларға дейін қымбаттады.

Айта кетейік, сәл уақыт өткеннен кейін екі биржада да мұнай бағасы аздап төмендеді, бірақ күндегі деңгейіне жетпеді.

Көптеген сарапшылар, атап айтқанда, қазақстандық экономист Әнуар Жүкенов мұнай бағасының өсу үрдісі жалғасады деп санайды.

"Соңғы оқиғалар шиеленістің артуына ғана емес, сонымен қатар Таяу Шығыстағы аймақтық соғысқа әкелуі мүмкін. Бұл аймақтан мұнай өнімдерін әкелуді қиындатады". Әнуар Жүкенов

Айта кетейік, 2024 жылдың 17 қыркүйегінде Ливанда пейджерлердің жаппай жарылуы орын алды. Оның барысында Иран елшісі Моджтаба Амани жарақат алып, 11 адам қаза тауып, тағы 2750 адам жарақаттанды. Жарылыстардың себебі белгісіз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды