Жаңадан ашылған ең ұзын көпірді салуға қанша ақша кеткені белгілі болды

Сурет: primeminister.kz
Қазақстандағы ең ұзын көпірдің құны 60 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылы 23 қазанда ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында көпірдің жобалық-сметалық құжаттамасында жалпы құн 60 млрд теңге деп көрсетілгенін айтты. 

"Көпір стратегиялық болып табылады. Көпір мониторингін қамтамасыз ету үшін 102 бейнекамера орнатылған. Әрине, көпірге қызмет көрсетумен жеке бригада айналысады. Стратегиялық қауіпсіздік тұрғысынан екі жағынан блок бекеттер орнатылды. ІІД бөлімшелері жұмыс істейтін болады", - деді Марат Қарабаев.

Айта кетсек, Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін екі жолақты автомобиль көпірінің ұзындығы 1,3 шақырымнан асады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі