2024 жылғы қаңтар-қазанда Республика көлігімен 883,4 млн.тонна жүк тасымалданды, бұл 2023 жылғы қаңтар-қазан деңгейінен 8,9%-ға өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, осы кезеңде жүк айналымы 422,6 млрд.т-км құрады (2023 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 1,6%-ға өсті).
Сурет: stat.gov.kz
Айта кетейік, көрсеткіштер көліктің барлық түрі бойынша өскен.
Аталмыш кезеңде, құбыр көлігі бойынша 244,6 млн. тонна жүк тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 7,2%-ға артық).
Ал, темір жол көлігімен 352,4 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2023 жылғы қаңтар-қазан деңгейінен 2,2%-ға ұлғайды, 17,6 млн. жолаушы тасымалданды.
Әуе көлігімен 12,3 млн. жолаушы тасымалданды, 2023 жылмен салыстырғанда 11%-ға ұлғайды.
Автомобиль көлігімен жүктасымалдау 19,8%-ға ұлғайды.
Теңіз көлігі арқылы 2,4 млн. тонна жүк тасымалданды, 2023 жылғы қаңтарқазанмен салыстырғанда 2,2 есеге ұлғайғаны байқалады.
Енді өңірлік бөлініске келетін болсақ, Шымкент қаласы ешкімге дес бермей тұрғанын анық аңғаруға болады. 2024 жылы жүк айналымының өсуі Шымкент (29,0%), Астана (24,2%), Алматы (21,7%) қалаларында және Павлодар (14,1%), Жамбыл (6,1%), Атырау (3,7%),Маңғыстау (1,6%) және Қызылорда (0.5%) облыстарында байқалады.
Сурет: stat.gov.kz
Жолаушылар айналымы ең көп дәрежеде Алматы (18,6%), Астана (15,4%) қалаларында және Маңғыстау (72,7%), Алматы (65,2%), Ұлытау (36,1%), , Жамбыл (18,8%), Павлодар (14,2%), Атырау (12,1%), Қостанай (10,8%), Қызылорда (4,8%), Ақмола (3,2%), Батыс Қазақстан (2,5%), Ақтөбе (2,4%) және Қарағанды(1,3%) облыстарында ұлғайды.
Бұған дейін Ұлттық Банктің жаңа алтын монетаны таныстырғаны хабарланған болатын.