Депутат Үкіметке кадр тапшылығы мәселесін шешудің оңтайлы жолдарын ұсынды

Сурет: Zakon.kz
Депутат Нұргүл Тау 27 қарашада Парламент Мәжілісі палаталарының жалпы отырысында Қазақстандағы кадр тапшылығы мәселесін қалай шешуге болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет басшысы Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында Нұргүл Тау елімізде кадр тапшылығы өте өткір мәселе екенін баса атап өтті.

"2030 жылға қарай мамандарға деген қажеттілік 1 млн 800 мың адамға дейін жетуі мүмкін. Қоғамда дәл осындай күрделі мәселе барда, жұмысшылардың қызметінен жаппай босатылып жатқанын қалай түсінуге болады? Мәселен, бір жылдың көлемінде Алматыдағы №1 қалалық клиникалық ауруханасында 398 адам, №10 қалалық емханасында 121 адам, №30 қалалық емханасында 90 адам және Көкшетаудағы көпсалалы облыстық балалар ауруханасында 153 адам жұмыстан кеткен. Барлығының да айтары бір, ол – жаңа басшының келуімен қысымның күшейіп кетуі. Сірә, қызметкерлерді жұмыстан шығарудың тиімді тәсілі – қысым көрсету болса керек", - деді ол.

Оның айтуынша, аталған жайт денсаулық сақтау, білім беру секілді мемлекеттік және бюджеттік салаларда жиі кездеседі. Осыған байланысты депутат  үлкен ұйымдарда бір жылдың көлемінде қол астындағы жұмысшылардың 30%-нан астамы жұмыстан шыққан жағдайда бірінші басшыға әкімшілік жауапкершілік тағайындауды, сондай-ақ 50%-ы жұмыстан шыққан жағдайда басшыны лауазымдық қызметінен босатуды ұсынды.

"Бұл шара аталған мәселенің қайталанбауына, басшы құрамның өзімен бірге командасын ертіп жүруін тоқтатуға бағытталуы керек. Екіншіден, еңбек министрлігі жұмыстан жаппай шығу немесе шығару жағдайларының есебін жүргізуі, тиімді тексеріс өткізу әдістерін әзірлеуі және қолданысқа енгізуі керек. Себебі, қазіргі уақытта мұндай статистика да, нәтижелі тексеріс те жүргізіліп жатқан жоқ. Үшіншіден, басшыға зейнет жасына таяған қызметкермен еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тартқаны немесе тоқтатқаны үшін жауапкершілікті көздеу керек", - дейді ол.

Сондай-ақ, депутат еліміздегі кәсіподақ қызметін жетілдіруді де ұсынды.  

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз