"Байбазаровтың орнын Жұманғарин басты". Сарапшы Үкіметтегі ауыс-түйістің нені білдіретінін айтты

Олжас Бектенов, Серік Жұманғарин, Нұрлан Байбазаров Сурет: primeminister.kz
Бүгін, 21 желтоқсанда Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров қызметінен босатылды. Ол бір жылға жуық отырған Ұлттық экономика министрі креслосына вице-премьер Серік Жұманғарин жайғасты. Бұл ауыс-түйіс нені білдіретінін Zakon.kz сайтындағы материалдан оқи отырыңыздар.

Экономист Ғалымжан Айтқазиннің пікірінше, президенттің мұндай кадрлық шешімі экономикалық және мемлекеттік қаржы саясатында қандай да бір проблемалар барын мойындауды көрсетеді.

"Атап айтқанда, Үкіметте, нақтысында, Ұлттық экономика министрлігі дамудың негізгі бағыттарын анықтайды және мемлекеттік бюджет өлшемдерін жоспарлау кезінде негіз болатын макроэкономикалық болжамдарды дайындаумен шұғылданады. Ал бұл жағынан соңғы жылдары Қазақстанда елеулі олқылықтар байқалуда", деп жазады ол Telegram-дағы арнасында.

Сондай-ақ сарапшы Серік Жұманғариннің тәжірибелі шенеунік екенін айтады.

"Ол БҚДА-да, сауда министрлігінде жұмыс істеген, сондай-ақ өзінің түрлі лауазымдық міндеттері аясында сауда саясаты, агроөнеркәсіп кешені, жер қатынастары, ЕАЭО және ДСҰ аясындағы ынтымақтастық сынды мәселелерді үйлестіре қызмет атқарған. Енді ҰЭМ басына келген жаңа басшы макроэкономикалық болжау тетіктерін жетілдіру, мемлекеттік қаржыны сауықтыру, соның ішінде Ұлттық банкпен көбірек үйлестіре жұмыс істеу және бюджеттік тәртіпті сақтауды қамтамасыз етудің маңыздылығын назарға алады деп үміттенеміз", - дейді ол.

Бұған дейін Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың қызметінен босатылғаны хабарланған болатын. Одан кейін Байбазаровтың орнын Жұманғарин басқаны белгілі болды.

Қазақстан
Жұманғарин Серік

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2025 жылдың 1 мамырынан бастап жедел жәрдем қызметі қалай жұмыс істейді

"Бөдененің жұмыртқасындай". СҚО-да бұршақ жауды

Телефондағы деректердің ұрлануынан қалай қорғануға болады - үздік 3 кеңес

Алматыда 30 сәуірде дабыл белгілері іске қосылады

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы