Мемлекеттік қызметкерлердің ұлттық мессенджерге қашан көшетіні белгілі болды

Сурет: pixabay
ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысының жасанды интеллектіні дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша Цифрлық штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Жиында цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев баяндама жасады.

Цифрлық штабтың шешімімен:

Премьер-министр қабылданған құжаттарды сапалы әрі уақтылы іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

"Мемлекет басшысы Қазақстан Еуразиядағы цифрлық хабқа айналуы тиіс деген мақсатты алға қойып отыр. Нақты міндеттер белгіленді. Бүгінгі таңда Цифрлық штаб барлық мемлекеттік орган мен ұйымдар үшін міндетті шешімдер қабылдады. Нәтиже ақпараттық қауіпсіздікті жақсартуға және мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған", - деді Олжас Бектенов.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялаудың кешенді жоспары негізінде 224 ақпараттық құрамдас алаң құрылады.

Бұл интеграция үшін еңбек шығындарын азайтуға, функционалдық және статистикалық айырмашылықтар тұрғысынан ақпараттық жүйелердің қайталану мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда "электрондық үкімет" аясында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының 355-тен астам ақпараттық жүйелері мен веб-ресурстары жұмыс істейді.

Жасанды интеллект деректер массивтерімен жұмыс істеу ережесі және оны жүзеге асыру жоспары бекітілді. Құжат ЖИ технологияларын дамыту үшін деректер қорын қалыптастыру мәселесін қарастырады. Бұл ережелер ақпаратты жинау, тексеру және құрылымдаудың бірыңғай стандарттарын қарастырады.

Smart Data Ukimet платформасында мемлекеттік дербестендірілмеген деректерді топтау бойынша жұмыс шеңберінде Smart Data Ukimet-ке міндетті түрде көшіруге жататын деректер базаларының тізімі бекітілді.

Жиында AITU ұлттық мессенджерін кең ауқымда енгізу мәселесі қаралды. Оның пилоттық жұмысы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде көрсетілді, енді аталған қызмет мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының барлығына енгізіледі.

2025 жылғы 11 тамызда жасанды интеллектіні дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке ұлттық мессенджерге көшуді тапсырған болатын. 

Қазақстан
Бектенов Олжас

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті