Қазақстан КҚК-ға жасалған дрондар шабуылынан кейін мұнай айдауда баламалы бағытқа жүгінбек

Сурет: pexels
Қазақстан халықаралық серіктестермен және жүк жөнелтушілермен жүргізілген келіссөздердің арқасында баламалы бағыттар бойынша экспорттық мұнай жеткізілімдері көлемін ұлғайтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 10 желтоқсанда "ҚазТрансОйл" АҚ хабарлады.

Компания мәліметінше, халықаралық әріптестермен және жүк жөнелтушілермен уақтылы ұйымдастырылған конструктивті келіссөздердің арқасында Каспий Құбыр Консорциумының мұнай құбырлары жүйесінен Самара және БТД бағыттарына халықаралық мұнай ағындарын қайта бағыттау мүмкіндіктері, сондай-ақ жеткізілім көлемінің бір бөлігін Қытай бағытына бұру мәселелері келісілді.

Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен тасымалдаудың бастапқы кестесімен салыстырғанда 2025 жылғы желтоқсанда экспорттық бағыттар бойынша мұнай жеткізу көлемінің ұлғаюы:

"ҚазТрансОйл" АҚ халықаралық деңгейдегі іс-қимылдарды жедел үйлестірудің арқасында тиеп-жөнелтуді ұлғайту мүмкін болғанын баса атап өтті.

Қосымша 2025 жылдың желтоқсан айының ішінде "ҚазТрансОйл" АҚ мұнай өндіруші компанияларға резервуарлық паркте мұнайды жауапты сақтауға уақытша орналастыру бойынша мүмкіндіктер береді. Бұл жөнелту кестелерінің икемділігін, айдау режимдерін оңтайландыруды және магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша жеткізілімдердің үздіксіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін 2025 жылы 29 қарашада Қазақстан мұнайы тасымалданатын КҚК айлағы шабуылға ұшырап, жұмысын уақытша тоқтатқаны хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бүгін түндердің сұлтаны - Қадір түні: дұғалар мен амалдар жиынтығы

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады

Қазақстанның үш өңірінде тұрғындар референдумға дауыс беруге кезекте тұр

Мәулен Әшімбаев жаңа Конституцияны қабылдау бойынша референдумда дауыс берді