Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қаржы министрлігі қарамағына өтетін болды

Сурет: freepik
Үкімет жеке медициналық ұйымдарды қаржыландыруда көптеген заңбұзушылықтарды анықтады. Осыған байланысты премьер-министр Олжас Бектенов ӘМСҚ-ны Қаржы министрлігінің басқаруына беруді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының бюджет тәртібін күшейту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет жүйелі жұмыстар жүргізуде.

2025 жылғы 18 желтоқсанда премьер-министр Олжас Бектенов Қаржы министрлігіне бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін арттыру мақсатында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) қызметін талдау туралы тапсырма берді.

Талдау қорытындысы бойынша қаржы министрі Мәди Такиев бюджеттік шығыстардың өсуіне қарамастан (2026 жылы осы мақсаттарға арналған шығыстар 2,4 трлн теңгені құрайды, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 1 трлн теңгеге артық) аталған қордың тиімділігі артпай тұрғанын баяндады. Бұл ретте 2020 жылдан бері жинақталған инвестициялық табыс 588 млрд теңгені құрады, оның ішінде тек 2025 жылдың өзінде 195,9 млрд теңге болған. Талдауға көрсеткендей, қаражаттың едәуір бөлігі қор активтерінде жинақталады және медициналық қызмет көрсетуге жұмсалмайды.

Сурет: primeminister.kz

Қаржы министрлігі жүргізген медициналық қызмет көрсетудің ақпараттық жүйелерінің IT-аудиті бірқатар жүйелі заңбұзушылықты анықтады:

Қаржы министрі Мәди Такиев бұл ретте мынандай нақты сандар мен мысалдар келтірді:

  1. Жекеменшік клиникада бір күнде 1 442 пациент қабылданған, ал бір күнде орташа есеппен 24 адамға дейін қабылданды (6 сағаттық жұмыс күнінде 1 пациентке 15 минут). Сол клиникада басқа дәрігер бір айда 4 832 науқасты қабылдаған (Астана қаласы);
  2. Бір маманда бір айда 1 713 емдеу жасаған жағдай тіркелген, жекелеген күндері – тәулігіне 300-400 тексеру жасаған (Астана қаласы).
  3. 996 қайтыс болған пациентке медициналық қызмет көрсетудің 3 640 оқиғасы анықталды, мысалы 2023 жылы қайтқан адамды 2025 жылы қабылдауға жазған, (қайтыс болғаннан кейін 2,5 жыл өткен соң).
  4. 1,8 млрд теңгеге пациенттің жынысына сәйкес келмейтін скринингтердің 769 446 жағдайы тіркелді. Мәселен, 768 827 ер адам әйел ауруларына (жатыр мойны обырына) скринингтен, 619 ер адам маммограммадан өтті деп көрсетілген. Тек бір аудандық ауруханада осындай 11 123 жағдай анықталды (Алматы облысы).
  5. Балаларға арналған дәрілік заттарды жүйелі түрде жалған тіркеудің 68 717 жағдайы нақтыланды. Диксимид препараты бойынша екі балаға 126 мың жазба тіркелген, яғни әрқайсысына 63 мың реттен есептен шығарылған (Жетісу облысы);
  6. Бір пациентке бір тәулік ішінде дәрі-дәрмектерді есептен шығаруған 2 872 жағдай белгілі болды. Балалар ауруханасында осындай 179 жағдай анықталды: 88 мың бірлік дәрі-дәрмек есептен шығарылды, бұл ретте пациенттер стационарда 1 күнге жетпейтін уақыт қана болған (Астана қаласы) және тағы басқа деректер бар.Талдау қосарланған қаржыландырудың кең таралған екі жағдайын анықтады. Біріншісінде – жекеменшік медициналық ұйымдардың жұмыс беруші тарапынан ерікті медициналық сақтандыру бойынша және МӘМС қорының қаражаты есебінен бір мезгілде төлем алуы болса, екінші жағдайда – бір науқастың бір мезетте екі медициналық ұйымның базасында қатар тіркелуі.

Сондай-ақ салық органдары медициналық ұйымдар басшыларына қатысты камералдық бақылау жүргізіп, олардың табыстары мен сатып алған мүліктеріне талдау жасады. Нәтижесінде 2024-2025 жылдар аралығында 1 465 басшы 5 мыңнан астам жылжымайтын мүлік объектісін сатып алғаны, ал 912 адамның 1 416 автокөлік иеленгені анықталды. Жекелеген басшылардың әрқайсысы 52-ден 124-ке дейін жылжымайтын мүлік объектісін және 14-тен 24-ке дейін автокөлік сатып алған.

Сонымен қатар аталған қор мен Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінің, сондай-ақ нормативтік-құқықтық базасының шашыраңқылығы атап өтілді. Пациенттер мен медициналық ұйымдар бойынша бірыңғай деректер қорының болмауы қолданыстағы нормативтік базаның көп жағдайда халыққа медициналық көмек көрсетудің түпкі нәтижесіне емес жекелеген ұйымдардың (МӘМС, "СК Фармация") қызметтеріне байланыстырылуына алып келді.

Сурет: primeminister.kz

Бұл жайттарды қорытындылай келе премьер-министр Олжас Бектенов келесідей тапсырмалар берді:

Бұған дейін ДСМ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында денсаулық сақтау субъектілерінің көрсететін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін бұйрық жобасын әзірлегенін жазғанбыз.

Қазақстан
Бектенов Олжас

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды