Президент тапсырмасы: Бектенов инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңес өткізді

Сурет: primeminister.kz
Үкімет басшысы Олжас Бектенов президент тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде инвесторлар құқықтарын қорғау, инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы тосқауылдарды жою және шетелдік капиталды тарту жұмысын күшейту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеңеске мемлекеттік органдардың, ҚР Бас прокуратурасы, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, "Kazakh Invest" ҰК" АҚ басшылары, квазимемлекеттік сектор мен бизнес өкілдері қатысты.

"Еліміздің инвестициялық ахуалын жақсарту мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше назарында. Осы бағытта Үкімет алдында нақты мақсат-міндеттер тұр. Өткен аптада ғана инвесторлар мен кәсіпкерлерді және жоғары білікті мамандарды тарту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында көші-қон саясатын жетілдіру туралы Президенттің Жарлығына қол қойылды. Бұл құжат елімізде қолайлы инвестициялық ортаны қалыптастыру ісінде маңызды қадам болып отыр және сапалы шетелдік адами капитал тарту үшін жаңа институционалдық жағдайларды қамтамасыз етеді", деп атап өтті ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов.

Сурет: primeminister.kz

Президент тапсырмасымен Бас прокуратура инвесторлардың құқықтарын қорғау бағытында кешенді жұмыстар жүргізуде.

"Мәселелердің түпкі себептерін анықтау және жою бойынша әрекет ету шараларынан жүйелі алдын алу жұмыстарына көшуге баса назар аударылуда. Бизнесті қылмыстық процеске заңсыз тарту фактілері мерзімінен бұрын жолы кесілуде. Үш жыл ішінде бизнеске қатысты қылмыстық істер саны 4 есеге немесе 71,5%-ға азайды. Біз 3 мыңнан астам инвестициялық жобаны сүйемелдейміз. Инвесторлармен және іскер қоғамдастықпен тікелей байланысты тұрақты бақылауды қамтамасыз етеміз", деп атап өтті ҚР Бас прокуроры Берік Асылов.

Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет Бас прокуратурамен бірлесіп, көп деңгейлі қолдау тетігі шеңберінде инвесторлар құқықтарын қорғау жөнінде кешенді шаралар қабылдауда. Жуырда ғана құрылған Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, бизнесті толғандыратын мәселелерді жедел шешуге белсенді әрі нақты қатысуда. Үкімет жанындағы Инвестициялық штаб проактивті режимде жұмыс істеуде: биылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша жалпы құны 25,5 млрд долларды құрайтын 44 жоба қаралды. Инвестициялық штаб тапсырмаларының орындалуын бақылауды Бас прокуратура жүзеге асырады.

Сурет: primeminister.kz

Сонымен қатар барлық өңірде әкімдердің басшылығымен және прокурорлардың қатысуымен штабтар жұмыс істейді. Әкімдіктер тарапынан тоқсан сайынғы стратегиялық сессиялар өткізу тәжірибесі енгізілді, онда түйткілді мәселелер талқыланып, бизнеспен бірлесіп "инвестицияларға тапсырыстар" бекітіледі. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Ұлытау облыстары және Алматы қаласында материалдарды дайындау деңгейі жоғары әрі 100% мақұлдау тіркеліп отыр.

Сыртқы істер министрлігі мен Бас прокуратураның өзара іс-қимылы аясында Инвестициялық жобаларды қолдау бойынша жол картасы әзірленді. Келісімшарттар жасау және сүйемелдеу рәсімдерін жетілдіру, жер телімдерін беруді оңтайландыру, сондай-ақ инвестициялық кураторлықты дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар Премьер-министр мемлекеттік органдар мен ұйымдар тарапынан жүйелі көзқарас пен жедел ден қоюды талап ететін мәселелер сақталып отырғанын атап өтті. Инвесторлар мен бизнес өкілдерінен келіп түскен өтініштерді қарау барысында жол беруге болмайтын жергілікті деңгейде көзбояушылық және әкімшілік созбалаңға салу фактілері бар.

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев ағымдағы жағдай туралы баяндады. Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, биылғы бірінші тоқсанда Тізілімге инвесторлардан 273 өтініш түсіп, олардың жартысына жуығы оң шешімін тапқан. Олардың басым бөлігі салықтық әкімшілендіру, кедендік рәсімдер, жерді пайдалану, қала құрылысы және басқа да мәселелерге қатысты.

Атап айтқанда, екі жыл ішінде клиникалық-диагностикалық зертханалар желісіне қатысты жоспардан тыс бес салықтық тексеруді бастау фактілері атап өтілді. Бұл ретте бұрынғы тексерулер процестік бұзушылықтарға байланысты, сондай-ақ «прокурорлық сүзгі» шеңберінде жойылды. Нәтижесінде мәселе бизнестің пайдасына шешілді.

Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Бауыржан Ералы осы жылдың І-тоқсанында бизнестен келіп түскен 213 өтініш бойынша мәселелер шешілгенін хабарлады. Оның 40%-ы толығымен қанағаттандырылды, 50%-ы бойынша кәсіпкерлерге құқықтық түсініктемелер берілді. Комитеттің мәліметінше, биыл 600 инвестордың құқы қорғалған, бұл ретте бүгінгі таңда әрбір өтініш қайта бағыттаусыз қаралуда.

Осы ретте қабылданған оң шешімдердің қатарында Алматы облысындағы қағаз материалдарын өндіретін көпсалалы компанияны отандық өндірушілер тізіліміне енгізу, Атырау облысында ірі энергетикалық жобаны жүзеге асыратын инвестордың инженерлік желілерге қолжетімділігін қамтамасыз ету бар.

"Инвесторлардан келіп түсетін әрбір өтініштің артында, шын мәнінде капиталды орналастыру, жаңа өндірістер ашу және қолданыстағы өндірістерді кеңейту, жаңа жұмыс орындарын құру туралы шешімдер тұрғанын үнемі назарға алу керек. Сондықтан инвесторлардың мәселелерін жедел реттеу – бұл мемлекеттік аппараттың инвестициялар тарту бағытындағы жұмысының тиімділігін көрсетеді. Мемлекеттік органдардың өтініштерге жауап беруден жалтаратын немесе жауапкершілікті біріне бірі ысыратын лауазымды тұлғаларына қатысты ең қатаң шаралар қабылданатын болады. Бұл ұлттық компаниялар мен жалпы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшыларына да қатысты. Мұнда екіұшты жауап болмауы керек – инвестордың әрбір өтініші нақты шешімді талап етеді" . Үкімет басшысы Олжас Бектенов

Премьер-министр инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды тежейтін себептердің жүйелік сипаты бар екенін атап өтті. Негізгі проблемалар мемлекеттік органдар арасында үйлестірудің жеткіліксіз болуымен, жауапкершілікті бөлудің бұлыңғырлымен, мемлекеттік қызметтердің регламенттелген мерзімдерінің бұзылуымен және жергілікті жерлерде бақылаудың әлсіздігімен байланысты.

Сурет: primeminister.kz

Әкімдіктердің жұмысына ерекше көңіл бөлінді. Өңір басшыларына негізгі инвестициялық жобаларды "қолмен басқару" режимінде сүйемелдеу, туындайтын кедергілерді уақтылы жою және инвесторларға жер учаскелерін, инфрақұрылымды және рұқсат құжаттарын беру кезінде көзбояушылыққа жол бермеу тапсырылды.

Сонымен бірге Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаны толтырудың баяу қарқыны да атап өтілді. Бүгінгі таңда ҰЦИП-қа жалпы сомасы шамамен 100 трлн теңгеге 3 мыңнан астам жоба енгізілді. Жүйеге 400-ден астам жоба әлі жүктелмеген, бұл аймақтардағы нақты ахуалды бұрмалайды.

"Инвестициялар үшін жаһандық бәсекелестік жағдайында біз, Президент қойған міндеттерге сәйкес, тұрақты әрі қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз етуіміз қажет. Сондықтан ұлттық экономикаға инвестициялар тарту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үдерісіне қолдау көрсету ісін жүйелі түрде жалғастыру керек. Осы тұрғыда процестерді цифрландыру – негізгі құралдардың бірі", деп атап өтті Олжас Бектенов.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев бизнес үшін әкімшілік кедергілерді анықтау және жою тәсілдерін ұсынды. Мәселен, Жалпыұлттық жоспар шеңберінде агенттік жасанды интеллектіні қолдана отырып, заңнамаға ревизия жүргізеді және реттеуші интеллект платформасын әзірлейді. Бұл кәсіпкерлердің өтініштері негізінде артық және қайталанатын талаптарды, мерзімдердің созылуын, нормалардың екіұшты қолданылуын және мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерінің сәйкессіздігін анықтауға мүмкіндік береді. Талдау қорытындысы бойынша рәсімдерді оңайлату, мерзімдерді қысқарту, процестерді цифрландыру және құқық қолданудың ашықтығын арттыру жөнінде ұсыныстар жасақталатын болады.

Премьер-министрдің кеңесшісі Әлішер Қожасбаев инвесторлармен өзара іс-қимылды жақсарту жөнінде ұсыныстар айтты. Отандық инвесторларға арналған "бірыңғай терезе" функциясын күшейту, сондай-ақ "Атамекен" ҰКП-ның мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және өңірлермен анағұрлым тығыз байланыста жұмыс істеу қажеттігі атап өтілді.

"Kazakh Invest" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұлов инвестициялық циклдің жаңа архитектурасы шеңберінде сыртқы контурды күшейту тәсілдері туралы баяндады. Компания АҚШ, Германия, Қытай, Ресей, Түркия, Малайзия және Катар сияқты жеті негізгі елде толыққанды қатысуын қалыптастырды. Шетелдегі өкілдіктер "бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс істейтін инвесторларды қолдау орталықтарына айналдырылады. Бұл ретте инвесторға жобаны пысықтау кезеңінде Қазақстанға келудің қажеті болмайды — мәселелер шетелдегі кеңселер арқылы сол жерде шешіледі.

Жиын қорытындысы бойынша премьер-министр бірқатар тапсырма берді:


Астана
Бектенов Олжас

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі