Қазақстан КҚК жұмысынан толықтай бас тартуды қарастырмайды - Энергетика министрлігі

Сурет: cpc.ru
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі 2026 жылғы 1 тамызда Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жұмысының толық тоқтатылуы мүмкін екендігі туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство мұндай сценарий қарастырылып отырмағанын қадап айтады.

"31 шілдеде КҚК мұнай құбыры жұмысын уақытша тоқтатты. Сонымен қатар жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау және резервуарлар паркін толтыру жұмыстары жалғасуда. 1 тамыздан бастап мұнай қабылдау көлемі тәулігіне 100 мың тоннаны құрайды. Мұнайды тасымалдау көлемін одан әрі ұлғайту теңіз терминалында танкерлердің тиеуге уақтылы қойылуына байланысты болады", делінген хабарламада.

Энергетика министрлігі КҚК және жүк жөнелтушілермен тұрақты өзара іс-қимыл жүргізуде. Қалыптасқан жағдай министрліктің тұрақты бақылауында екені де нақтыланады.

Бұған дейін Энергетика министрлігі ҚКК жұмысына байланысты мұнай өндіру көлемі уақытша азайғанын хабарлаған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады