ҚКК жұмысына байланысты мұнай өндіру көлемі уақытша азайды – Энергетика министрлігі

Добыча нефти, нефтедобыча, нефть, нефтяная скважина, нефтедобывающее оборудование, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2026 17:46 Фото: pexels
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының (ҚКК) жұмысы мен мұнай өндіру көлеміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта ҚКК теңіз терминалында Қара теңіз акваториясындағы кемелердің, экипаждардың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мұнай тиеу операциялары уақытша тоқтатылған.

Бұл ретте консорциумның барлық өндірістік және техникалық нысандары қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Жағдай тұрақталғаннан кейін шикізатты қайта тиеу жұмыстары дереу басталуға дайын.

Энергетика министрлігі құбыр жүйесіне мұнай қабылдауға қойылған шектеулерге байланысты және резервуарлардың шамадан тыс толып кетуіне жол бермеу үшін мұнай өндіруші компаниялар тәуліктік өндіріс көлемін уақытша түзеткенін атап өтті.

"Мұнай өндіру көлемінің уақытша төмендеуі технологиялық сипатқа ие және өндірістік процестердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған", – делінген ведомство хабарламасында.

Министрлік ҚКК басшылығымен, ірі жүк жөнелтушілермен, кеме иелерімен және тиісті мемлекеттік органдармен тұрақты байланыста жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қазақстандық мұнай экспортын әлемдік нарықтарға мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіру үшін қажетті шаралар бойынша консультациялар жалғасып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: