Ерлан Ақкенженов биыл 96 миллион тонна мұнай өндіру жоспарланып отырғанын жеткізді. 2027 жылы бұл көлем 99 миллион тоннаға дейін артуы мүмкін.
Бұл ретте журналистер қараша және желтоқсан айларында "Дружба" мұнай құбыры арқылы қазақстандық мұнайды айдау жоспарда бар-жоғын және 2027 жылға арналған перспективаларға қатысты сұрақ қойды.
"Жеткізу жағы келсек, бізде бұл ретте техникалық мүмкіндік бар. Қазақстан тарапы ресми сауал жолдап қойды, енді осы бағытты жандандыру мәселесі бойынша Ресей тарапынан жауап күтіп отыр. Мерзімдерді (жеткізу) осы жауап келгеннен кейін атауға болады", – деді Энергетика министрі.
Айта кетсек, 2026 жылы 23 сәуірде Кремль қазақстандық мұнайдың Германияға "Дружба" құбыры арқылы тасымалы 1 мамырдан бастап тоқтатылуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берген болатын.