Ғалымдар күн энергиясын 18 жыл сақтауға мүмкіндік беретін чип жасап шығарды

Сурет: pixabay
Халықаралық ғалымдар тобы күн энергиясын жинақтап, сақтауға мүмкіндік беретін чип жасап шығарды. Бұл чип өзін-өзі зарядтайтын гаджеттерді жасауға жол ашады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зерттеу жұмысының қорытындысы Cell Reports Physical Science журналында жарияланды. Ғалымдардың айтуынша, олар жасаған концепция күн энергиясын алуға, оны жинақтауға және 18 жылға дейін сақтауға мүмкіндік береді.

Біз күн энергиясын ауа-райына, тәулік уақытына, маусымға немесе географиялық жағдайға қарамастан, электр энергиясын өндіру үшін пайдалануды үйрендік. Зерттеу жетекшісі Каспер Мот-Пулсен

Технология көміртегі, сутегі және азот молекуласына негізделген, ол күн сәулесінің әсерінен пішінін өзгертеді. Содан кейін бұл изомерді ұзақ уақыт бойы сұйық күйде сақтауға болады. Ғалымдар жасаған ультра жұқа чип энергия шығарады.

Ғалымдар бұл технология классикалық батареялар мен күн батареяларын алмастыратынын атап өтті.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі