Орта білім сапасы бойынша жағдайымыз мәз емес – Тоқаев

Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы 19 сәуір күні өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте елімізде білімнің сапасына емес, көрсеткіштің жоғары болуына баса мән беріліп отырғанын сынға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент мектепте алған білімді қалай объективті бағалауға болатынын ойналу керек екенін айтып, үкіметке тапсырма берді.

PISA халықаралық зерттеуіне қарасақ, еліміз соңғы 10 жылда орта білім сапасы бойынша 80 елдің ішінде елуінші-алпысыншы орыннан көтерілген жоқ.

"Демек, жағдайымыз мәз емес. Басты түйткілдің бірі – балалардың білімін біржақты бағалау. Елімізде білімнің сапасына емес, көрсеткіштің жоғары болуына баса мән беріледі. Оқушылардың бірыңғай ұлттық тестілеуден алған бағасы мен мектептегі бағасы екі түрлі. Айырмашылық 30 пайыз немесе одан да көп болуы мүмкін. Сондай-ақ осындай алшақтық халықаралық және ұлттық бағалау кезінде байқалады. Ашығын айтсақ, мұның бәрі жаппай белең алған көзбояушылықтың кесірінен болып отыр".Қасым-Жомарт Тоқаев

 "Өзіңді өзің алдау жарға жығатынын" айтқан Мемлекет басшысы мектепте алған білімді объектиті бағалау жолын іздеу керек екенін алға тартты.

"Жаңа ведомстволар және тестілеу, сертификаттау орталықарын құрудың мәні жоқ. Біз бұдан өттік. Бұл да сыбайлас жемқорлық өаупінің көзі. Сондықтан Үкімет осы мәселе бойынша өз ұсыныстарын беруі керек", – деді Президент.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды