Қазақстандық оқушылар биология пәнінен өткен халықаралық олимпиадада екі күміс және екі қола медаль жеңіп алды

Сурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігі
Қазақстандық оқушылар Біріккен Араб әмірліктерінің әл-Айн қаласында биология пәнінен өткен 34-халықаралық олимпиадада төрт бірдей медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, әлемнің 79 елінен жиналған 316 баланың арасында Астана және Алматы қалаларынан барған төрт оқушының төртеуі де олимпиаданың жүлделі орындарын иеленді.

"Медальдар қоржынын екі күміс жүлдемен Омар Дінмұхаммед пен Бақдәулет Ерназаров толықтырды. Ал, қола медальді Ғалымжан Бақтыбай мен Ислам Амангелді алды", – дейді "Дарын" РҒПО зияткерлік іс-шараларды ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің әдіскері Гүлсара Мұқаш.

Халықаралық комитеттің шешімімен биология бойынша 35-халықаралық олимпиада (IBO-2024) Қазақстанда ұйымдастырылады, біздің еліміз бұл олимпиаданы алғаш рет өткізеді.

IBO – 15 пен 21 жас аралығындағы мектеп оқушыларына арналған ғылыми жарыс, 1990 жылдан бастап өткізіліп келеді.

БАЭ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды