Ғалымдар Сібірдің мәңгі тоңында 46 мың жыл жатқан құртты тірілтті

Сурет: pixabay
Ғалымдар Сібірдің мәңгі тоңында 46 мың жыл жатқан құртқа жан бітірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зерттеуге қатысқан ғалымдардың айтуынша, бұрын белгісіз болып келген дөңгелек құрт Сібірдің мәңгі тоңында 40 метр тереңдікте криптобиоз деп аталатын күйде жатқандықтан, аман қалған.

Криптобиотикалық күйдегі организмдер сусыз да, оттегісіз аман қала алады әрі өте ыстыққа да, өте суыққа да, тұзды ортаға да төтеп бере алады. Олар "өмір мен өлім арасындағы" күйде болады.

Сурет: Alexei V. Tchesunov and Anastasia Shatilovich/Institute of Physicochemical and Biological Problems in Soil Science RAS

"Өмірді тоқтатып, содан кейін оны басынан бастауға болады. Бұл маңызды жаңалық", – дейді ғалымдар.
Дрезден мен Кельн ғалымдарының генетикалық талдауы бұл құрттар зерттеушілер Panagrolaimus kolymaenis деп атаған жаңа түрге жататынын көрсетті.


Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады