Президент балаларға арналған бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырды

Сурет: pixabay
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға арналған "Келешек" атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент мемлекеттің білім саласына қатысты жұмысында тұтастық, яғни жүйе, тіпті, өзара байланыс жоқ екенін сынға алды.
"Бес жастан асқан балаларға арналған "Келешек" атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырамын. Бұл бағдарламада мемлекет тарапынан ұсынылатын бастапқы білім беру капиталы, жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы және инвестициялық табыс қарастырылуға тиіс. Осы жинақ пен "Ұлттық қор – балаларға" жобасының қаражаты қосылғанда жас ұрпақтың сапалы білім алуына мүмкіндік туады", – деді мемлекет басшысы.

Сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы.

"Мұндағы ең түйінді сөз – "сапа". Сондықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет", – дейді ол.

Президенттің сөзіне сүйенсек, бәріне бірдей білім беру үшін интернет жылдамдығы жоғары және білім берудің цифрлы ресурстары тегін әрі қолжетімді болуы шарт. Білім беру жүйесі еңбек нарығының сұранысына қарай өзгеріп отыруы керек.

"Ұлттық экономиканың бірқатар саласында кадр тапшылығы қатты сезілуде. Әсіресе, техникалық және жұмысшы мамандар жетіспейді. Сондықтан осы салаларға қатысты білім берумен мықтап айналысқан жөн. Оқу орындары түлектерге жұмыс бере алатын мекемелермен ұзақ мерзімге арналған әріптестік орнатуы қажет. Экономиканың басымдықтарына, аймақтың және саланың ерекшеліктеріне байланысты тиімді қаржыландыру тәсілдері керек"деді президент.
Оның пайымдауынша, еліміздегі демографиялық өсім білімге деген сұранысты арттырады.

Бұған қоса кезекті жолдауында Тоқаев кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны күшейтуді тапсырды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты