Қазақстанда тамыз айында білім беру саласының қызметкерлеріне сұраныс жоғары болды

Сурет: unsplash
Тамыз айында Электронды еңбек биржасында жұмыс берушілер 128,6 мың бос жұмыс орнын, ал ізденушілер 105 мың түйіндеме жариялаған. Шілде айымен салыстырғанда бос орындар саны 30,6 мың (+31%), ал түйіндеме – 11,7 мың (+13%) өскен.

Ең көп бос жұмыс орындарын басқа қызмет түрлеріндегі кәсіпорындар (айына 10,2 мың немесе + 6% бос жұмыс орындары), негізгі және жалпы орта білім беретін мекемелер (айына 7 мың немесе +7%) және ауыл шаруашылығының (айына 6,1 мың немесе +24%) жұмыс берушілері орналастырды.

"Өткен айда жоғары білікті кадрларға сұраныс күрт өсті, олар - 59,5 мың (немесе 46%) бос жұмыс орны. Тамыздағы сұраныстың 79%-ға өсуі білім беру саласының мамандарын қажет ететін ұйымдар есебінен болжамды және табиғи түрде қамтамасыз етілді. Бұл ретте шілде айымен салыстырғанда тамыз айында біліктілігі орташа мамандарға сұраныс 16% (43 мың бос орынға дейін) өсті және жұмыс берушілердің біліктілігі жоқ жұмыскерлерге деген сұранысы (-6%, 26 мың бос орынға дейін) шамалы төмендеді". Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Сонымен қатар еңбек нарығында ұсыныс жағынан да осындай жағдай байқалады. Осылайша тамыз айында түйіндемелердің көбі жоғары білікті ізденушілерден келді (58% немесе 60,7 мың түйіндеме), оның 46%-ы білім беру саласында жұмыс іздеушілерден болды.

Өңірлік бөліністе Түркістан облысын қоспағанда (-11%), барлық өңірлерде бос орындар санының өсуі байқалады. Төрт өңірдің – Алматы және Астана мегаполистері мен Қостанай және Қарағанды облыстарының жұмыс берушілері жұмыскерлерді белсенді іздестіруді жүргізді, олардың үлесіне 44 мың түйіндеме (тамыз айында орналастырылғандардың 34%) тиесілі болды. Маңғыстау және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында еңбек нарығында сұраныстың артуы нәтижесінде бос орындар санының түйіндеме санынан басым болуы орта есеппен 2,8 мың бірлікті құрады. Түркістан облысы өңірлер арасында түйіндеме мен бос орындар саны (12 мың бос жұмыс орны және 7,5 мың түйіндеме) арасындағы айырмашылық бойынша көшбасшы болды.

Электронды еңбек биржасында тапшы мамандар негізінен байланыс орталықтарының операторлары (орналастырылған бос орындар саны түйіндемелер санынан 6,9 мың бірлікке артық), математика мұғалімдері (1,7 мың бірлікке), сондай-ақ мектепке дейінгі білім берудегі тәрбиешінің көмекшілері (тиісінше 990 бірлікке) болды. Сонымен қатар, шет тілі мұғалімдерінің түйіндемелерінің саны, керісінше, ұқсас бос орындар санынан 1,6 мың, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінен 1,4 мың, дене шынықтыру және спорт мұғалімдерінен 1,1 мыңға артық болды.

Тамыз айында жұмыс берушілер қондырғылардың бастықтарына (орта есеппен 845 мың теңгеден бастап), өнеркәсіптегі ауысым бастықтарына (760 мың теңгеден бастап), сондай-ақ медициналық зертханалар меңгерушілерінің орынбасарларына (700 мың теңгеден бастап) ең жоғары жалақы мөлшерін ұсынды. Жоғары жалақы қалайтындар қатарында авиациялық диспетчерлер (5 млн теңгеден бастап), флоттағы штурмандар (1,5 млн теңгеден бастап), сондай-ақ жабдықтау басқармаларының басшылары (1,4 млн теңгеден бастап) болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Білім беру жинақтау салымы бойынша түзетулер енгізілді

Астанада Тарихшылардың ұлттық конгресінің форумы өтті

Тұман, көктайғақ: ертең қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Қазақстандағы мобильді аударымдар: қандай азаматтар тексеріледі