Қазақтың "дүние - жалған" деген пәлсапалық тұжырымын британ ғалымы ғылыми тұрғыда дәлелдеді

Сурет: pixabay
Портсмут университетінің физика кафедрасының доценті Мелвин Вопсон физиканың жаңа заңын "ашқанын" мәлімдеді. Физика заңы біздің қоршаған ортаның "Матрица" фильміндегі жасанды әлемге ұқсас екенін дәлелдей алады екен, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылы Вопсон ағзалардағы генетикалық мутацияларды болжауға, сондай-ақ олардың ықтимал салдарын бағалауға мүмкіндік беретін ережені ұсынды. Бұл ереже термодинамиканың екінші заңына негізделген. Ол оқшауланған жүйедегі хаос өлшемі болып табылатын энтропия уақыт өте келе тек жоғарылауы немесе өзгеріссіз қалуы мүмкін екенін нақтылайды. Алайда ақпараттық жүйелерде энтропия, керісінше әрекет етеді. Ол кішірейеді немесе тұрақты болып қалады. Бұл доктор Вопсонның инфодинамиканың екінші заңы өлшеміне алып келеді.

"Қажетсіз ақпарат өздігінен жойылатын бұл тәсіл сақтау орнынын үнемдеп, қуатты тұтынуды оңтайландыру үшін қажетсіз кодты жою немесе сығу сынды компьютерлік процесті еске салады. Осылайша бұл "біз модельдеу әлемінде өмір сүріп жатырмыз" деген идеяны нақтылайды".Мелвин Вопсон

Доктор Вопсонның алдыңғы зерттеулері ақпараттың әлемнің негізгі құрылыс материалы және физикалық массасы бар екенін көрсетеді. Ғалымның пікірінше, ақпарат ғаламның үштен бір бөлігін құрайтын қолжетпес қараңғы материя болуы мүмкін. Физик бұл қатынасты массаның, энергияның және ақпараттың эквиваленттік принципі деп атады.

Ұлыбритания
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз