Жердегі ең кәрі жануар 191 жасқа келді

Сурет: видеодан скриншот
Әлемдегі ең кәрі жануар Джонатан атты тасбақа өзінің 191 жасқа толғанын Әулие Еленада атап өтті. Ғалымдардың айтуынша, оның жасы бұдан да үлкен болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Джонатанның нақты жасы белгісіз. Бірақ ол 1882 жылы Сейшел аралдарынан әкелінген кезде кем дегенде 50 жаста болған. Осылайша, ол кем дегенде 191 жасқа келді. Дегенмен бұдан да үлкен болуы мүмкін.

Джонатан – әлемдегі ең көне тіршілік иесі, сонымен қатар тарихтағы ең көне тасбақа/сквамат. Бұл орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 150 жыл болатын Сейшел аралдарының алып тасбақасы.

"Иіс сезу қабілетінің жоғалуына және катарактаның салдарынан көз көрмей қалуына қарамастан, оның тәбеті әлі де жоғары. Мамандардан құралған шағын топ әлі күнге дейін оған аптасына бір рет жеміс-жидек пен көкөністі қолмен береді. Бұл калория мөлшерін толтырып қана қоймай, оның метаболизміне қажет қоректік заттарды қамтамасыз етеді".Ветеринар Джо Холлинс

Джонатан 141 жыл бойы Әулие Елена губернаторының резиденциясы Плантация үйінде тұрады.


Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды